фото: yorkshireeveningpost.co.uk
11 жасар бала интеллект жағынан Хокинг пен Эйнштейнді басып озды
Ұлыбританияның Лидс қаласынан келген жасөспірім Mensa IQ тестінде 18 жасқа толмағандар үшін ең жоғары ұпай жинап, интеллект бойынша Стивен Хокинг пен Альберт Эйнштейнді басып озды. 11 жасар Юсуф Шахтың достары үнемі оның өте ақылды екенін айтатын. Бір күні жасөспірім мұның қаншалықты рас екенін тексеруді ұйғарады. Өзінің интеллектуалдық қабілеттерін бағалау үшін Шах Mensa IQ тестінен өтіп, рекордтық баға алған. Оның нәтижесі теориялық физиктер Стивен Хокинг пен Альберт Эйнштейннің нәтижесінен бір ұпайға жоғары болды.
«Біз қуанып тұрмыз. Дегенмен бұл нәтижеге жеңіл қараймыз. Ұлыма қанша талантты болсаң да, бәрінен бұрын еңбекқор болуың керек деп үнемі айтамын», - деді ол.
Болашақта Шах Оксфорд немесе Кембридж уиверситеттерінің бірінде математика ғылымын оқуды армандайды. Бұл үшін ол есептер мен судоку шешетінін, Рубик текшесін жинап, миды жаттықтыратынын айтады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через