1 трлн теңге. Халық несиесін өтей алмай жүр
Биыл банктерден халыққа берілген несие көлемі мамыр айында 15 трлн теңгеден асып жығылды. Оның 31%-ы яғни, 7,9 трлн теңгесі тұрғын үй несиесі болса, 59%-ын тұтынушылық несиесі құрайды екен. Қалған 10%-ы шетелге саяхат жасау үшін алынған несиелер.
Енді осы несиені алып, қайтара алмаушылық деңгей қандайлық? Сол жағына тоқталатын болсақ, соңғы үш жылда несиені уақытында қайтара алмаушылық деңгейінің 6,7%-ға қысқарғанын, дәл қазір 2021 жылдың 1 мамырында 1 трлн аса теңгені құрап отырғанын Ұлттық банк мәлім етті.
Қарызын дер кезінде өтей алмаушылардың қай аймақтарға тән екенін сөз етер болсақ, алдыңғы үштікте Алметы, Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облыстары тұр екен. Алматы – 439 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 234,8 млрд теңге, ШҚО – 85,6 млрд теңге, Атырау – 34,3 млрд, Қарағанды облысы – 31,6 млрд теңге және Шымкент – 30 млрд теңге.
Ал, қарызы аз, банктер алдында «жүзі жарқын» өңірлерге Қызылорда, СҚО және Түркістан облыстары жатады екен. Нақтырақ сөз ететін болсақ, Қызылорда облысының тұрғындарының қайырмаған қарызы – 9,7 млрд теңге, СҚО – 4,1 млрд теңге және Түркістан облысында бұл – 2,4 млрд теңгені құрап отырған жайы бар.
Әбіл-Серік Әліакбар
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через