фото: sputnik.kz
Қазақстанда 1 шілдеден кадастр паспорты енгізіледі. Ол мемлекеттік акті мен тұрғын үйдің техпастортын алмастырады. Бұл туралы Krisha.kz жазады.
Кадастр паспорты жаңа тұрғын үйге және объектілерді қайта тіркеу кезінде беріледі.
Қолданыстағы техпаспорт пен мемлекеттік актілер заңды күшінде қалады. Қолданыстағы құжаттарын жаңа кадастр төлқұжатына ауыстырғысы келетіндер өз еркімен ауыстыра алады.
Қызмет құны әзірге белгісіз.
Кадастр паспорты жылжымайтын мүлік тізілімі мен жер кадастрының мәліметтер базасы біріктіретін жаңа Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры құрылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Бірыңғай жүйеге жылжымайтын мүлік туралы деректер мамыр айында берілген. 1 шілдеге дейін жер кадастрынан ақпарат беру аяқталады.
Жүйе іске қосылған соң Қазақстанда жер учаскелеріне құқықтарды тіркеу ашық болып, толық автоматтандырылады, таңдау актісі, жерге орналастыру жобасы және комиссия хаттамалары қажетті құжаттар тізімінен сызылады. Сонымен қатар, жер телімін беруді қарастыру мерзі
Фото: Pixabay.com
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через