Шетелден 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер 2024 жылдан бастап заңдастырылады.
Қазір мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қабылдап жатыр. Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді. Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейді. Заңдастыру кезінде утильалым төленбейді.
Кодекстерге түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан заңдастыру келесі жылдан бастап жүргізіледі. Кейінірек әкелінген автокөліктер заңдастырылмайды және жалпы негізде тіркеледі.
Тіркелген көліктерге қарапайым ақ нөмірлер беріледі. Полиция қандай да бір шектеулер қоймайды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: yakutsk.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через