Семейде Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр. 70 келінің ақтық бәсекесінде Қарағандылық Абылайхан Жүсіповпен алматылық Фарух Тоқтасыновпен өзара мықтыны анықтады. Айта кетейік, Фарух Тоқтасынов “Странджа” және 2024 жылы Әбдәлиев турнирінің жеңімпазы. Тартысқа толы додада Абылайхан Жүсіпов, Фарухты 5:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Абылайхан Жүсіпов белсенді қимылдап, қарсыласын қысымға алды. Фарух Тоқтасынов алғашқы секундтарда бірнеше дәл соққымен жауап қайтарғанымен, көп ұзамай қарқынын төмендетіп алды. Нәтижесінде қорғанысқа көбірек көңіл бөлуге мәжбүр болды.
Спорт
«Пафостың» жалпы құны 26 миллион еуроға бағаланған
18 қазан күні Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінің ең басты додасы XIV республикалық “Qazaqstan Barysy – 2025” турнирі өз мәресіне жетті. Бұл – ұлттық рухтың, ерліктің және намыстың мерекесіне айналған күн!
Елімізде 17,5 мыңнан астам бала тенниспен тұрақты айналысады
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирін сәтті бастады.
Дастан Сәтпаев Қатарда қосымша медициналық тексеруден өтеді. «Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев дәрігерлердің ұсынысымен Қатар астанасы Дохаға қосымша медициналық тексеруден өту үшін аттанады. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды
Лимада (Перу) дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 57 келіде ел намысын қорғаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге қол жеткізді.
Футболдан Қазақстан кубогы финалындағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуінде швейцариялық төрешілер қызмет атқарады.
Футболдан Қазақстан кубогы финалындағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуінде швейцариялық төрешілер қызмет атқарады.