Елімізде жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр.
Жер учаскесін алу процесін жеңілдету мақсатында кадастрлық карта әзірленді. Жұршылықтың пікірі ескерілді. Картада жер учаскелеріне қатысты барлық ақпарат көрсетілген. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында жер учаскелерін egov.kz порталында аукцион арқылы ұсыну пилоттық жобасы іске қосылды
Пилоттық жоба аясында алғашқы жер учаскесінің аукционы Ақтөбе қаласында өтті.
Ақтөбедегі жер учаскесі басында 51 480 теңгеден басталып, аукцион нәтижесінде ол жер 6 647 611 теңгеге саудаланды. Яғни бірнеше есе қымбат бағаға сатылып отыр, түскен пайда мемлекет қазынасына жіберіледі. Аталған пилоттық жобаның тағы бір артықшылығы сыбайлас жемқорлық әрекетке тосқауыл қояды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар қызмет көрсету мерзімін жарты жылдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жер учаскесін сатуда ашықтықты қамтамасыз етпек. Биыл маусымда аталған жобаны еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланып отыр.
Фото: torgi-blog.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через