фото: https://sputnik.kz
Запастан шақырылған офицерлер қандай жеңілдіктерге ие болады
Биыл Қарулы күштерге – 150, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 запастағы офицер шақырылады.
Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің аға офицері подполковник Берік Айнабеков запастан шақырылатын офицерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
Биыл үкімет қаулысына сәйкес Қарулы күштерге 150 офицер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақырылады. Запастағы офицерлер 24 айға, яғни 2 жылға шақыртылады.
Айнабековтің айтуынша, әскери қызметшілер үшін қарастырылған жеңілдіктер запастан шақырылған офицерлерге де қолданылады.
"Қазір офицерлер шақырылған уақытта жалақысын алады. Сонымен қатар, жалдамалы пәтерге ақша төленеді. Әрбір өңірдің өзінің тарифі бар. Жалғыз өзі болса, өзіне төленеді. Отбасы болса, барлық мүшесіне толығымен төленеді. Егер барған жерлерінде қызметтік пәтер болса, сонымен қамтамасыз етіледі. Болмаған жағдайда, жаңағыдай ақша төленеді. Бұл жалақыдан бөлек", - деді Айнабеков қорғаныс министрлігінің онлайн-брифингінде.
Сондай-ақ олар киім-кешек, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Аға офицер запастағы офицерлердің бұрынғы жұмыс орны, жалақсысы сақтала ма деген сұраққа да жауап берді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через