фото: © Public Domain
Жамбыл облысында таңқурай отырғызу үшін субсидияға бөлінген 900 млн теңгеден астам қаржы жымқыру ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды өңір прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықталды. 12 қыркүйекте қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Тергеу нәтижесі көрсеткендей, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмаған, көшеттер мүлдем сатып алынбаған.
"Өздерінің қылмыстық әрекеттері арқылы 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген", - деп нақтылады ведомство.
7 қыркүйекте аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын.
"Тергеу барысында барлық күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүліктеріне тыйым салынды", - деп атап өтті прокуратура.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через