фото: https://kolesa.kz
Утилизациялық алымның мөлшері қайта қаралады
"Оператор "РОП-тың" утилизациялық алымға иелік етуін тоқтатып, оны мемлекеттік ұйымға беруді тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев автокөліктер үшін төленетін утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарап шығуды тапсырды.
"Үкіметке утилизациялық алымды және "Оператор "РОП-тың" сол утилизациялық алымды иелік етуін тоқтату бойынша тиісті шараларды қолға алуды тапсырамын. Бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет. Ал алымның өзіне келер болсақ, оның мөлшерін қайта қарау қажет ", - деді Тоқаев мәжіліс отырысында.
Осы орайда мемлекет басшысы автомобиль өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы көліктерін құрастыру саласын қолдау шараларын жалғастыру қажеттігін ерекше атап өтті.
"Бұл мәселені бизнес пен қоғаммен конструктивті тұрғыда жан-жақты талқылап шыққан жөн. Ал отандық автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алатын адамдарға утилизациялық алымның есебінен ваучерлер беруді қарастырған дұрыс", – деп атап өтті президент.
Айта кетері, Қазақстанда жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым 2016 жылы енгізілген болатын. Ал 2019 жылы ауыл шаруашылығы техникасына қолданыла бастады. "Оператор "РОП-тың" бес жылдық жұмысы нәтижесінде 579 миллиард теңгенің утилизациялық алымы төленді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через