Төленетін утиль алымның мөлшері көліктің қозғалтқыш көлемі мен салмағына және санатына қарай есептелген.
Мысалы, гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа электр қозғалтқышпен жүретін көліктердің утиль алым мөлшерлемесі мынадай:
- қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі көліктердің утиль алымы базалық мөлшерлеменің 1,5 коэффицентіне,
- 1001- 2000 сантиметр аралығындағы көліктер үшін базалық мөлшерлеменің 3,5 коэффицентіне,
- 2001-3000 текше сантиметр аралығындағы көліктер үшін базалық мөлшерлеменің 5 коэффицентіне.
3001 текше сантиметрден жоғары көліктер үшін базалық мөлшерлеменің 11,5 коэффицентіне теңестірілген.
Бұл жердегі базалық мөлшерлеме 50 айлық есептік көрсеткіш деп бекітілген.
Осыны ескерсек аталмыш санаттағы көліктердің утиль алым мөлшерлемесі ақшаға шаққанда мынадай болады:
- қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі көліктердің утиль алымы 229 725 теңге болып бектіліп отыр. Бұған дейін оның мөлшері 459 450 теңге болатын.
- қозғалтқыш көлемі 1001- 2000 текше сантиметр көліктер үшін утиль алым мөлшерлемесі 1 072 050 теңгеден 536 025 теңгеге,
- 2001-3000 текше сантиметр қозғалтқышты көлік үшін 1 531 500 теңгеден 765 750 теңгеге,
3001 текше сантиметрден асатын қозғалтқышы бар көлік үшін 3 522 450 теңгеден 1 751 225 теңгеге түсіріліп отыр.
Бұйрық мәтінінде бұдан басқа 4 санаттағы техникалар бойынша утиль алым мөлшерлемесі көрсетілген.
Құжат 14 мамырда күшіне енуі керек.
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через