фото: https://sputnik.kz
Үкімет теміржолға иелік ететін 25 компанияны мемлекеттік меншікке алады
Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.
"Бүгінгі таңда республикалық меншікке бірқатар кәсіпорын мен мекеменің акциялары мен қатысу үлестері қабылданды. Атап айтқанда, "Көлік сервисі орталығы" АҚ мүлкінің құрамында ұзындығы 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол желілері қабылданды", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы темір жол инфрақұрылымы саласында делдалдарды болдырмауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ комиссия отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер) 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар комиссия жанар-жағар май нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.
Премьер-министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через