Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі жалпы кеңесі Қазақстандағы күш қолдану ереуілдеріне байланысты мәлімдемені қабылдады. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп пен Әділет және даму партиясы, Республика халық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы мен Жақсы партия тарапынан Қазақстанға қолдау беру үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Түркия радио телевизия порталы.
Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі жалпы Кеңесінде оқылған ортақ мәлімдемеде бауырлас Қазақстанда соңғы кезде болған оқиғалардың алаңдатқаны айтылды.
Қазақстанның тұрақтылығы мен тыныштығы Түркияның бейбітшілік пен тыныштығындай маңызды екені айтылған мәлімдемеде. «Қазақстан халқының парасаттылығы мен басшылықтың қырағылығы арқасында оқиғалардың тынышталып, елдегі жағдайдың қалыпқа түсе бастағанына риза болдық. Оқиғаларда қаза тапқан қазақ бауырларымызға Алладан иман, қайғылы жақындарына сабыр, жаралыларға шипа тілейміз. Адамдардың өміріне қауіп төндірген, мемлекеттік тәртіпті бұзған және мал-мүлікті зақымдаған күш қолданушыларды айыптаймыз. Қазақстан әкімшілігінің халықтың амандығы мен байлығын арттыруға бағытталған реформа күн тәртібін қолдаймыз. Мәжілісіміз 2016 жылы 15 шілдеде Фетуллахшы террор ұйымының опасыз төңкеріс талпынысы кезінде Қазақстан ұйымдары көрсеткен ұйымшылдық ұмытылмайды. Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бері Қазақстанның қасында болған Түркия бұдан былай да Қазақстан мен жалпы аймақ үшін маңызды болған бейбітшілік пен тұрақтылыққа деген қолдауын барлық салада жалғастырады», деген мәлімдеме жазған Ұлы ұлттық мәжілісі жалпы кеңесі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через