Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі

Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі
фото: https://sputnik.kz

Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойына төрағалық ету нормасы жойылады

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі.

Оған сәйкес, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойына төрағалық ету нормасы жойылады.

Бұған дейін Елбасы ҚХА төрағалығын ресми түрде Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған. Ал осы жылдан бастап мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесін басқарады. Осыған байланысты тиісті конституциялық заңдарға редакциялық өзгерістер енгізу қажет болған.

Мәжіліс депутаттары бүгінгі отырыста сайлау туралы конституциялық заңға, сондай-ақ саяси партиялар туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдап, сенатқа жолдады. Соның ішінде тұңғыш президентке қатысты норма да бар.

"Ең алдымен тұңғыш президенттің Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойына төрағалық ету нормасын алып тастау қажет болған. Бұл туралы өзі де мәлімдеген. Біз болсақ, бүгін соны жасадық. Мен де мәжілістің тарихи шешіміне қатыстым", - деп жазды мәжіліс депутаты Қанат Нұров Facebook парақшасында.  

Оның айтуынша, сенатқа жіберілген өзгерістер аясында "ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы", "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" және "ҚР Қауіпсіздік кеңесі туралы" конституциялық заңдарға түзету енгізіледі.

"Енді ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы заң бойынша Қазақстан президентіне тиесілі", - деп түйіндеді Нұров.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы