фото: akorda.kz
Тоқаев "Қоғамдық бақылау туралы" заңға қол қойды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”.
2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың реформалар мен ұсыныстарды бастауы үшін заңды онлайн петициялар институтын құруды тапсырды. 2021 жылдың қарашасында Ақпарат министрлігі бірыңғай "Электрондық петиция" платформасын құру үшін нормативтік базаны дайындап жатқанын хабарлады. Заң жобасының негізгі мақсаты – қоғамдық бақылау арқылы азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.
Интернет-ресурста петицияны жалпыға қолжетімді жерде орналастыру үшін ол бірнеше шартқа сай болуы керек:
– петиция берген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының кемінде 150 азаматы өтінішке қосылуы керек;
– петицияны беру кезінде интернет-ресурста сол тақырыпқа қатысты екінші бір петицияның болмауы.
Петиция интернет-ресурста жарияланғаннан кейін алты ай ішінде республика азаматтарының кемінде 50 мың дауысын алған жағдайда, петиция Қазақстан Республикасы Үкіметінде қаралатын болады.
Akorda.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через