Той тыйылмай тұр
Әлемді жайлаған коронвирус індетінің әзірше беті қайтар емес. Оған дүркін-дүркін жарияланып жатқан нақты статистикалық деректер дәлел бола алады. Мәселен, бүгінде Жер бетінде күн сайын 480 мыңнан астам адамнан вирус табылып жатыр. Ал осы уақытқа дейін әлемде 208 млн,адам короновирус жұқтырып, оның 4,3 миллионы аурудан ажал құшты. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 228 елдің 38-інде соңғы күндері короновирустың 50 пайыздан аса жаңа жағдайлары тіркелді. Соңғы аптада аурудың ең жоғары өсімі Әзербайжанда байқалды. Бұл елде бір аптаның ішінде ауру 131 пайызға, ал Израильде 63, Жапонияда 21 пайызға өршіді. Қазақстанда да жағдай мәз емес. Соңғы аптада вирус өсімінің 2 пайызға төмендегені байқалады. Бірақ, бұл арқаны кеңге салып, тұрғындардың ел ішінде емін-еркін жүріп, той-томалақта сайран салуына жол беретін жайт емес.
«Карантиндік іс-шаралардың қолданыста болуына қарамастан бірқатар өңірде көп адамның жиналуымен салтанатты іс-шаралар, үйлену тойларын, еске алу түскі асын беру тыйылмай тұр. Карантинді өрескел бұзу фактілері де анықталып жатыр.Осыған орай жергілікті атқарушы органдарға мониторинг топтарының жұмысын күшейтті»
Тексеру күшейтілсе де, карантиндік жағдайға қарамастан той жасаушылар азаймай тұр. Мейрамхана қожайындары есік-терезелерді қымтап жауып табыс табу үшін небір айлаға да барып жатыр. Шектеулерге мойынсынбайтындарға қандай шара қолданылады?
Жасырын той өткізбес бұрын қараша халық мынаны білген жөн. Той өткізген адамдар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-ші бабы, яғни халықты санитарлық-эпидимаголық саладағы заңнама талабын бұзу бойынша жауапқа тартылады. Той думан өткізушілер мен ұйымдастырушыларға салынатын айыппұл аз емес
Өкінішке қарай, оны елеп жатқан халық байқалмайды. Сондықтан эпидемиологиялық ахуалды одан әрі ушықтырмау үшін тәртіпке бағынайық. Стандарт,кз портал қызметкерлері де кез-келген азамат ты короновирус инфекциясына шалдығу әрі, өлім-жітімге жол бермеуге шақырады.
Деректер ҚазАқпараттан алынып, арнайы Стандарт,кз порталына дайындалды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через