TILASHAR коллекциялық монеталары сатылымға шықты

TILASHAR  коллекциялық  монеталары  сатылымға  шықты
фото: https://sputnik.kz

TILASHAR  коллекциялық  монеталары  сатылымға  шықты

Қазақстан Ұлттық Банкі 26 тамызынан бастап TILASHAR коллекциялық монеталарының  сатылымға  шығатынын  хабарлады.

Монеталар Ұлттық банктің kazcoins.nationalbank.kz платформасындағы интернет-дүкен арқылы сатылады.

TILASHAR монеталарының сипаттамасы:

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясын жалғастырады.

Тілашар – әр отбасының өмірінде көрініс табатын ерекше оқиғалардың бірі. Бұрын бұл ғұрып бала алғашқы сөздерді айта бастағаннан бастап жасалған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.

Монетаның негізгі бетінде (аверсінде), орта тұсында ою-өрнек үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, жиегінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазу, төменгі жағында монета номиналын білдіретін сандар орналасқан.

Мәтіндегі ақпарат туралы