TiJi мультфильмдері қазақ тілінде сөйлейді

TiJi мультфильмдері қазақ тілінде сөйлейді

TiJi мультфильмдері қазақ тілінде сөйлейді

TiJi телеарнасының мультфильмдері қазақ тіліне аударылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, мәселені шешу үшін АҚДМ басшысы Аида Балаева "Groupe M6" компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрьемен және халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, "Лти Восток" ЖШҚ бас директоры Мария Жабина-Пантеликпен кездесті.

Тараптар балалардың танымал мультипликациялық арналарын, атап айтқанда TiJi телеарнасын қазақ тіліне аудару бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

"Қазіргі ақпараттық ғасырда мультфильмдердің балаға әсері ерекше. Бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар атқарылуда. Осы саладағы жарқын жобалардың бірі балалар тұтынатын мемлекеттік тілдегі контентті ұлғайту мақсатында танымал балалар арналарын мультипликациямен қазақ тіліне аудару болып табылады. Сіздің арнаңыздың осындай жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесін және хабар тарату тілдерінің санын ескере отырып, сіз біздің ұсынысымызды қабылдағаныңызға өте қуаныштымыз", — деді Балаева.

Соңында тараптар ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Мәтіндегі ақпарат туралы