Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшақта жеті адам жарақат алды

Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшақта жеті адам жарақат алды
фото: https://sputnik.kz

Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшақта жеті адам жарақат алды

Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына кіріп кеткен

Бүгін Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшақ бортында қатты турбуленттілік салдарынан жеті жолаушы зардап шекті, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы.

"Алдын ала мәлімет бойынша жеті жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Әуе лайнері Алматыға сағат 16.45-те қонды. Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 14.35-те ұшып шыққан. Жедел жәрдем көліктері әуежайда жолаушыларды күтіп тұрды.

Әуе компаниясы рейс жолаушыларына жан-жақты көмек көрсетеді, деп толықтырды баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексереді.

Қазақпарат