Талибандар талап қойып отыр

Талибандар   талап   қойып  отыр

Талибандар   талап   қойып  отыр

"Талибан" өкілі Сухейл Шахин басқа елдер Ауғанстанды қалпына келтіруге "міндетті" екенін айтуда. "Ұлыбритания Премьер-министрі және әлемнің басқа елдерінің көшбасшылары ауған халқының тілегін құрметтеуі керек... Ауған халқына елді қалпына келтіруге және ауған халқының гүлденген өмірі мен экономикалық дамуын қамтамасыз етуге көмектесуі керек. Менің ойымша, бұл олардың міндеті, өйткені олар 20 жыл бойы Ауғанстанды аяқтан шалды. Сондықтан қазір олардың моральдық міндеті - Ауғанстанды қалпына келтіру және Ауғанстан  халқына  жаңа тарауда  жаңа өмір бастауға көмектесу", - деді Шахин Sky News Британ телеарнасына берген сұхбатында.

Ауғанстандағы жағдай соңғы  аптада күрт өзгерді.  Талибандар Ауғанстанның  ірі қалаларына келді. Жексенбі күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын бақылауға алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "қырғынның алдын алу үшін"елден кеткенін айтты. Дүйсенбіге қараған түні "Талибан" политофисінің ресми өкілі  Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын және мемлекеттегі басқару формасы жақын арада нақтыланатынын  жария  етті.