Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру мәселесін пысықтап жатыр.
Өңірдің ерекшелігін ескере отырып, университет ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрлық технологиялар саласы бойынша мамандар дайындайды.
Президенттің айтуынша, бұл өңірден жастардың кетуін азайтып, жергілікті экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстанда әлемнің жетекші бес техникалық университетінің филиалдарын ашу туралы бастама көтерген еді.
Дереккөз zakon.kz. фото: 7-su.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через