Шымкентте көшелерді су басты

Шымкентте көшелерді су басты
фото: https://itube.kaztrk.kz/

Шымкентте көшелерді су басты

Шымкентте нөсер жауынның салдарынан көшелер мен жолдарды су басты.

Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы су сору жұмыстарын атқарып жатыр.

Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы жұмылдырылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік құрылып, бекітілген мамандар өз аумақтарында ирригациялық арықтарды судан тазартуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі сондай-ақ бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

 

Мәтіндегіі ақпарат туралы