фото: depositphotos.com
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды сүт өнімдерімен қамту жұмыстары туралы айтып берді.
«Тауарлы сүт бойынша біз әлі өз қажеттілігімзді өзіміз жаба алмаймыз. Биыл еліміздің барлық өңірінде 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл мақсатта 100 млрд теңге бөлінді, осылайша тағы 537 мың тонна сүт өзімізде өндіріледі. Шамамен 30 ферма биыл қолданысқа беріледі», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, көршілес елдерде сүт бағасының арзандауы байқалған.
«Оның үстіне біз ірі тауарлы-сүт фермаларына сүттің әр литріне 45 теңгеден субсидия береміз. Сондықтан, елдегі сүт бағасы жағдайы тұрақты, еш дағдарыс болмайды», - деді министр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото depositphotos.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через