Шетелге қоныс аударған қазақстандықтар саны 27% төмендеді

Шетелге қоныс аударған қазақстандықтар саны 27% төмендеді

Қазақстанды тұрақты тұратын ел ретінде қарастыратын келушілер саны артты. 

Ranking.кz порталының мәліметінше, 2022 жыл Қазақстанның сыртқы көші-қон векторын өзгертті.

Соңғы онжылдықта алғаш рет өзгеше үрдіс байқалды.

Соңғы бір жылда эмигранттар саны 8 мың адамға - 32,3 мыңнан 24,2 мың азаматқа қысқарды.

Сонымен қатар, Қазақстанды тұрақты тұратын ел ретінде қарастыратын келушілер саны да арта түсті.

Егер 2021 жылы мұндай 11 мың шетелдік болса, 2022 жылы олардың саны 56,7 пайызға артып, 17,3 мың адамға жеткен.

Осы екі фактор көші-қон теңгеріміне елеулі әсер етті. Келгендерге қарағанда кеткендер көп болғанымен, жалпы үрдіс оң.

Жалпы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдан 2022 жылдың қазан айына дейін елден 367,1 мың адам кеткен.

Еңбекке жарамды эмигранттардың 38 пайызының - жоғары, 34 пайызының - орта кәсіптік білімі бар.

Сонымен қатар, соңғы 10 жылда елімізге келген жоғары білімі бар шетелдіктер саны екі еседен аса азайған.

Қазақстанға келушілер санының артуына не әсер етті?

Ресейлік қоныс аударушылар Қазақстанға келушілердің көбеюіне ішінара ғана әсер етті.

Қазақстанға қоныс аударған 17,3 мыңның ішінде ресейліктер тек үштен бірін немесе 5,9 мың адамды (бірақ айтарлықтай 2,4 мың адамға көбейген) құрады.

ҚР-ға көшіп келушілердің ең көп үлесін Өзбекстан азаматтары (6,5 мың адам, өсім 2,4 мың адам) құрап отыр.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото deposithpotos