Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алад.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне қарағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылған. Яғни жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес жеке кәсіпкер ретінде қызметті Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, яғни Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан азаматтары, қандастар, сондай-ақ РФ, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің бейрезиденттері жүзеге асыра алады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент-жеке тұлғаларды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, оның ішінде ЖСН қалыптастыру, тіркеу деректеріне өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың ЖСН нөмірін алып тастау функциясы Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінен Ішкі істер министрлігіне берілді.
Дереккөз Stan.kz. Фото: asiaplustj.info, baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через