фото: egemen.kz
Шенген визасын алу процесі цифрландырылады
Консулдыққа бару биометриялық сәйкестендіргіштерді жинауға алғаш өтінім беретіндер, мәліметтері өзгерген немесе жаңа құжат алғандар үшін ғана міндетті болады.
Еуропалық комиссия шенген визасын алу процесін цифрландыруды ұсынады. Бұл ретте визалық жапсырманы алмастырып, өтінішті еуропалық онлайн-виза платформасы арқылы қашықтан беру мүмкіндігін енгізу қарастырылып отыр. Жаңа пактіде 2025 жылға қарай визалық процедураны толықтай цифрландыру мақсаты қойылған», делінген ЕК мәлімдемесінде.
ЕК пайымдауынша, бұл шешім «өтініш берушіге визаны нақты баратын елінен емес, анағұрлым тезірек рәсімдеп беруді ұсынатын Шенген келісімі бар өзге мемлекеттен сатып алуға» қажеттілік қалдырмайды. Демек виза алушының уақыты мен қаражаты үнемделеді.
«Сондай-ақ виза алу процесін цифрландыру жапсырмаларға қатысты жалған жасалу, алаяқтық пен ұрлық сияқты ықтимал қауіптерді қысқартады. Сонымен бірге бұл қадам Еуроодақтың мемлекеттік қызметтерді модернизациялау мен цифрландыруды ынталандыру жөніндегі ұстанымына сәйкес келеді», дейді ЕК.
Еуропалық комиссияның бұл ұсынысы Еуропарламент және Еуроодақ Кеңесі тарапынан мақұлдануы керек.
«Содан кейін мүше мемлекеттердің ортақ онлайн-визалық платформаға ауысуына 5 жыл уақыты болады. Платформа 2024 жылы жасақталып, 2026 жылы іске қосылуы мүмкін. Ауысуға берілетін бес жылдық мерзімді есепке алғанда, барлық мүше мемлекеттер оны 2031 жылы қолдана алады», деп хабарлайды ЕК.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через