Ресей Рақымжан Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға табыстады

Ресей Рақымжан Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға табыстады

     7 мамыр күні Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады, деп хабарлайды Standard.kz Stan.kz-ке сілтеме жасай отырып.

     "Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті", - делінген елшілік хабарламасында.

     Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.

     "Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын тойлау бағдарламасының маңызды бөлігі", - деп қосты елшілікте.