Қоғамдық әжетхана мәселесі 2023 жылы шешілуі мүмкін

Қоғамдық әжетхана мәселесі 2023 жылы шешілуі мүмкін

Негізгі туристік орындарында 493 қоғамдық әжетхана жетіспейді. Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде осындай деректі алға тартты.

Вице-министрдің сөзінше, дәретханаларды жергілікті атқарушы органдар салуы керек.

«Қаладағы әжетханаларды қаланың өзі, ал ұлттық парктерде – ұлттық саябақ немесе инвестор салуы керек»,- дейді Ержан Еркінбаев.

Жол картасының арқасында 493 әжетхананың 158-і салынды.

«Алайда олар желілерге қосылмаған. Жабық тұр. Әлбетте, жабық әжетхана көп сынға ұшырайды. Неге? Себебі, бізде әжетхана шығыны мен оны күтіп ұстайтын қызметкерлерге арналған бюджеттік бағдарлама жоқ», - дейді Ержан Еркінбаев.

Біз әжетхана мәселесін үш рет жоғары деңгейде талқылауға шығардық. Енді осы 493 дәретхана әр әкімдікке нормативті түрде бекітілді. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін іске асуы керек еді, бірақ біз оны 2023 жылдың жазына дейін шешеміз деп ойлаймын», - деп қосты ол.

Фото: informburo.kz