"Қазатомөнеркәсіп" су құбырында жарылыс болды

"Қазатомөнеркәсіп" су құбырында жарылыс болды
фото: https://sputnik.kz

"Қазатомөнеркәсіп" су құбырында жарылыс болды

Кеше, 19 маусым күні "Қазатомөнеркәсіп" Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында құбыр желісінде жарылыс болды.

Шамамен 10 метр биіктікте су субұрқақша шашырады. Кәсіпорынның хабарлауынша, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЖЭО-3 сол жақ теңіз су құбырында қарау люгінің разгерметизациясы жүргізілді.

"Бірінші теңіз су құбыры бойынша су беру тоқтатылды. Бірақ екінші су құбыры сол қалпы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын тарапынан ауыз су мен электр энергиясын өндіруге ешқандай шектеулер жоқ", – делінген хабарламада.


Мәтіндегі ақпарат туралы