фото: sputnik.kz
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы қытайлық атом электр станциясына ядролық отынның екінші партиясын жеткізді.
Жылу бөлетін құрамалар Өскемен қаласындағы "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнында дайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жоғары технологиялық дайын өнім сапа бақылауынан сәтті өтіп, клиент қабылдады. Осыдан кейін 30 тоннадан астам төмен байытылған уран Фанчэнган қаласындағы атом электр станциясына жөнелтілді.
"Біздің елдеріміз уран, отын таблеткаларын өндіру және жылу бөлетін құрамалар бойынша бірқатар табысты жобаларды жүзеге асырды. Қазақстандық ядролық отын климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға және төмен көміртекті дамудың жаһандық мақсатына қол жеткізуге үлес қосады", - деп атап өтті "Қазатомөнеркәсіптің" басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.
2024 жылы "Үлбі-ЖБҚ" жылына ЖБҚ түрінде 200 тонна уранды құрайтын толық өндірістік қуатқа шығу үшін өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Зауытта 20 жыл бұрын кепілдендірілген сату нарығы бар. Инновациялық кәсіпорынның іске қосылуы Қазақстанның АЭС-ке арналған ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруіне мүмкіндік берді.
Қазатомөнеркәсіп қытайлық АЭС-терді ядролық отынмен қамтамасыз етуде
Айта кетері, Қытайдағы атом электр станциясындағы "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС зауытынан жылу бөлетін жинақтардың бірінші партиясы өткен жылдың желтоқсан айында жеткізілген болатын.
Photo : Aibek IMANKOZHOEV
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через