Қазақстанның Шекара қызметіне – 30 жыл

Қазақстанның Шекара қызметіне – 30 жыл
фото: https://sputnik.kz

Қазақстанның Шекара қызметіне – 30 жыл       

Бүгін Қазақстанда – кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылардың кәсіби мерекесі. Биыл еліміздің Шекара қызметіне отыз жыл толып отыр.

1992 жылы 18 тамызда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Шекара әскерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Алайда мерекелік даталар күнтізбесінде Шекарашылар күні алғаш рет 2012 жылы пайда болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіелдің мемлекеттік шекарасын күзетуге арналған арнайы қызмет. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан алдында жас мемлекеттің аймақтық бүтіндігі мен егемендігін қорғау және қамтамасыз ету бойынша мәселе туындады. Мемлекеттік шекараны сенімді қорғап, күзетуШекара қызметінің маңызды міндеті және ол ел басшылығының жіті назарында.

Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шектеседі. Республиканың құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзақтығы – 13 402 км, су шекарасы – 1730 км. Кеңес Одағы кезінде ұзындығы 1,7 мың километр болатын Қытаймен арадағы шекара ғана күзетілді. Ал қазір қазақстандық шекарашылар бес елмен арадағы 15 мың километр мемлекеттік шекараны күзетіп, шөл мен құрлықта ғана емес, Каспий теңізінің акваториясы мен әуеде де күзетте тұр.

Бүгінде Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы шегенделген, түбегейлі бекітілген. Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаев та сан мәрте қадап айтты.

"Келіссөздерді табандылықпен жүргізіп, іргемізді дереу қымтап алғанымыз өте дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды", - деген еді бір сөзінде мемлекет басшысы.

Мәтіндегі ақпарат туралы