Құрамына Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері жеке тұлғалардың шетелдік интернет-дүкендерде бажсыз сауда жасау шегін 200-ден 1000 еуроға дейін арттыруға келісті.
"ЕЭК кеңесі (Еуразиялық экономикалық комиссия) Ресейдің бажсыз сатып алу шегін ұлғайту туралы ұсынысын мақұлдады. Сәлемдеменің салмағына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Яғни, 31 келіден аспайды. Қабылданған шешім 2022 жылдың 1 қазанына дейін жарамды", - делінген хабарламада.
РФ үкіметінің хабарлауынша, бұл шешім қарым-қатынастары дұрыс емес мемлекеттердің шектеулеріне қарамастан, азаматтардың керекті тауарларына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
"Адамдарда таңдау мүмкіндігі болғаны маңызды. Бажсыз шекті көтеру азаматтарға шетелдік интернет-дүкендерде сауда жасауға мүмкіндік береді, олардың кейбіреулері "Мир" картасымен төлем қабылдайтыны тіпті ыңғайлы", - деді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин.
ЕАЭО елдері 2018 жылдан бастап бажсыз шекті төмендете бастады, сол кезде азаматтар бір ай ішінде шетелдік интернет-дүкендерден 1000 еуроға дейінгі және салмағы 31 келіге дейінгі сомаға бажсыз сауда жасайтын.
2019 жылдан бастап бір ай ішінде 500 еуроға, 2020 жылдан бастап 200 еуроға дейін төмендеді,
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через