Қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 2 пайызға төмендеді. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді.
«2022 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 145 592 (алдын ала дерек) теңге болды. Бұл – 2021 жылғы маусымға қарағанда 12,2 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2 пайызға төмендеді», - деп атап өтеді бюродан.
Өткен айда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,1 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызына тең. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны өткен айдың соңында 229,1 мың адамға немесе жұмыс күшінің 2,5 пайызына жетті. Ал, 2022 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 312 124 теңге болды.
Дереккөз Қазақпарат. Фото: inva.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через