Қазақстандықтар алтын құймаларын сатып алуды азайтты

Қазақстандықтар алтын құймаларын сатып алуды азайтты

Қазақстандықтардың алтынға деген қызығушылығы күрт төмендеп кетті. Мамыр айында небәрі 60 келі алтын сатылған. Бұл шамамен 1800 құйма болады. Осылайша, Ұлттық банк бағалы металл саудасының аз уақытта екі есе қысқарғанын айтып отыр. Қазір нарықта құнды металдың 5, 10, 20, 50, 100 грамдық түрлері кездеседі. Тұтынушылардың таңдауы көбіне соның 10 келілігіне түседі екен. Ол жалпы сатылған өнімнің 30%-ін құрайды. Естеріңізде болса, тазартылған алтынды сату пен сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосты. Содан бері азаматтар екі тоннаға жуық алтын құймасын сатып алған. Тұрғындардың пайымынша, осы арқылы қаржыны сақтауға және тиімді инвестициялауға болады. Оны еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері іске асырады. Енді валюта бағамына тоқталайық. Бүгін Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 426 теңге 6 тиынға тең. Еуро 505 теңге 55 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 85 тиын деп белгіленді. Осы категория бойынша: « Қазақстанда кәсіпкерліктен түсетін кіріс 51 млрд теңгеге кеміген Kaspi Bank акциялары қымбаттады»

Ақпарат Хабар 24-тен алынды