Сауда және интеграциялар министрлігі Қазақстандағы McDonald's мейрамханаларының жұмысын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жиынға Қазақстандағы McDonald's басшылығы, мемлекеттік органдар, «Қазақстанның Ет одағы», «Қазақстан құс өсірушілер одағы» өкілдері келген.
Отырыста импортты алмастыру мәселесі де көтерілді. Қазақстанның ет одағы, Қазақстан құс өсірушілер одағының, Қазақстанның сүт одағының өкілдері Қазақстандағы McDonald's-қа импорттық тауарлар орнына өз өнімдерін ұсынды.
Бұл сауалға «Food Solutions KZ» ЖШС (Қазақстандағы McDonald's) Бас директоры Әсет Машанов отандық өнімді пайдалануға дайын екенін, қазақстандық өндірушілермен келіссөздерді бастап кеткенін айтты.
«McDonald's-тың барлық өнімдері өндірістің жоғары сапа талаптарына сай болуы керек. Қазақстандық өндірушілер үшін ынтымақтастық McDonald's серіктесі болуды білдіреді және халықаралық деңгейге, басқа елдердің нарығына шығуға мүмкіндік ашады. Қазір бірнеше жергілікті өндірушілермен жұмыс істеп жатырмыз және олардан McDonald's стандарттарына сәйкес келетін шикізатты аламыз. Сондай-ақ қазір қазақстандық құс және сиыр етін өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Әсет Машанов.
Бұл компания Қазақстанда 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және оларда 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото 0031477.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через