Қазақстанда қанша ер азамат бар?

Қазақстанда қанша ер азамат бар?

Елімізде соңғы мәліметтер бойынша елімізде 9,2 млн ер азамат бар. Олардың ең көбі Түркістан облысында – 1,05 млн, ең азы СҚО-да тұрады – 257 мың ер адам. Ерлердің 57% қалада, 43% ауылды жерде тұрады. Қазақстандағы еркектердің орта жасы 30,2, үйленген азаматтардың ортасы жасы – 27,9.

Қосымша ақпарат бере кетсек, биыл елімізде халық саны 19 143 200-ден асты. Оның 11 млн 300 мыңнан астамы қала тұрғындары. Ал  7 млн 700 мыңнан астам адам ауылда тұрады. Отандастарымыздың 49% жуығы – ерлер, 51% – әйелдер. 11 млн астам адам «еңбекке жарамды» деп танылған. Ал этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70% жеткен.Бұл туралы Ұлттық статистика агенттігі мәлімдеді.

 

Фото: baigenews.kz