Елімізде биылдан бастап әйелдердің зейнет жасы тағы жарты жылға ұзарып, 60,5 жасқа жетті. Мемлекет 2018 жылдан бастап зейнет жасын жыл сайын алты айға ұзартып келеді. Осылай жалғаса берсе, 2027 жылға қарай әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жастан шығады. Билік бұл өзгерістерді "зейнет жасы ұзарған сайын, зейнетақы қорындағы жинақ қаржы көбейіп, әйелдің "қартайған шағында қамсыз" болуға мүмкіндігі артады" деп түсіндіреді. Ауыр еңбек етіп, жұмыс пен тұрмыс тауқыметін қатар көтеріп жүрген әйелдер зейнет жасын ұзартуды азапқа теңейді.
Шын мәнінде әйелдерді 63 жастан зейнетке шығармасақ ел экономикасы күйрей ме? Өзге елдер бұл мәселені қалай шешіп отыр? Неліктен қазақ әйелдері Еуропадағы әйелдер секілді көп зейнетақы алмайды? Осы және өзге де сұрақтарды әлеуметтанушы Жасұлан Күшебаевқа қойған едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через