Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады

Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады

Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады

Қазақстанда заманауи госпитальдардың құрылысы туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді7, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біздің жоспарымыз-бүкіл Қазақстан бойынша заманауи 20 госпиталь салу. Біз бұл тұрғыда Түркияның тәжірибесін зерттедік. Мен онда жұмыс іссапарында болдым, салынған ауруханаларға бардым. Айта кету керек, Түркия бұл салада серпіліс жасады. Мүлдем жаңа госпитальдар, медициналық қызметтің сапасы заманауи үлгіде салынған. Бүгін  біз  осындай модельдерді іске асырамыз. Қазір МЖӘ бойынша бірнеше госпиталь салынуда. Госпитальдар бізге алдағы бірнеше ондаған жылға алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізеді", - деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен  кездесуде.

Ол пандемия жағдайында шұғыл түрде қысқа мерзімде 17 аурухана салынғанын,  олар  негізгі  жүктемені  қабылдағанын  атап  өтті.

"Бүгінде олар ең жаңа болып табылады, онда дәрігерлердің бөлек аймақтары бар, жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлар бар. Жасыл, қызыл аймақтар. Төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы бұл біздің елімізде болған пандемия толқындарын жеңуге мүмкіндік берді",-деді премьер-министр.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы