Қазақстанда 20% жағдайда жұмысшының еңбек қауіпсіздігі сақталмайды

Қазақстанда 20% жағдайда жұмысшының еңбек қауіпсіздігі сақталмайды
фото: aqtobegazeti.kz

       Қазақстанда 20% жағдайда жұмысшының еңбек қауіпсіздігі сақталмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәдімдеді.

       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі толық сақталмайтынын мойындап отыр. Оған Қарағанды облысындағы "Казахстанская" шахтасындағы жағдай дәлел екенін айтты. 

        "Мемлекеттік бақылау нәтижесі 20% еңбек қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болып отыр. Яғни проблема –жұмысшының еңбек қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеуі. Кәсіпорындарда болған әрбір қайғылы жағдайды арнайы мемлекеттік комиссия зерделейді. Биыл 17 тамызда Қарағанды облысындағы “АрселорМиттал” компаниясының шахтасында жарылыс болып, салдарынан 5 жұмысшы қайтыс болды", - деді Төлеген Оспанқұлов.

        Үкіметтік комиссия қайғылы оқиғаға 100% жұмыс беруші кінәлі екені туралы шешім шығарған. Комитет басшысының айтуынша,  АрселорМиттал компаниясының 27 лауазымды тұлғасы еңбек қауіпсіздігінің бұзылуына жол берген.

        Еске салайық, бұған дейін Еңбек комитетінің басшысы Төлеген Оспанқұлов  "Казахстанская" шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты кінәлілерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтқан еді. 

        Stan.kz