фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Жас жігіттер әскерге шақырылады, кәсіпкерлер бизнестен түсетін кірісі үшін бөлек шот ашады, ал елордада ақылы тұрақтар іске қосылады
Қазақстандықтарды наурыз айында бірқатар өзгеріс күтіп тұр.
Әскерге шақыру науқаны басталады
Бүгін, 1 наурыз көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Биыл Қарулы күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және Ұлттық ұлан қатарын 17 мыңнан аса адам толықтырады деп күтілуде.
Қолданыстағы заңға сәйкес, мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары шақырылады.
Әскерге шақырылатындарға СМС-хабарлама және үйлеріне жеке шақыру қағазы жолданады.
Жас сарбаздар екі рет – жиын пунктерінде және әскери бөлімге барған кезде коронавирусқа қарсы ПТР-тест тапсырады.
Мобильді төлемдер
2022 жылғы 1 наурыздан бастап мобильді төлемдерге қатысты нормалар күшіне енеді.
Енді кәсіпкерлерге бизнестен түсетін кіріс пен өз шотына аударылатын ақшаны араластыруға болмайды. Сол себепті мобильді төлем ұғымы енгізіліп отыр. Мобильді төлем арқылы қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер ақысын төлейді. Бизнесмен мобильді төлем бойынша ақша алу үшін жеке шот ашуға тиіс.
Салық органдары бұл өзгерістің қарапайым қазақстандықтарға еш қатысы жоқ екеніне сендірді. Жеке тұлғалар мобильді аударымдар арқылы бір-біріне әдеттегідей ақша аудара береді. Жаңашылдық тек кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға қатысты.
Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді төлемдер бойынша мәлімет алмасу тек 2025 жылдан жоспарланып отыр.
Салық төлеушінің паспорты
Бірінші наурыздан бастап Қазақстанда "салық төлеушінің паспорты" пайда болады. Ол қоғамдық тамақтандыру және сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге қажет.
Паспорт QR-код түрінде жасалады. Ол дәмхана немесе дүкендерде бақылау-касса машиналары тұрған жерге орналастырылады.
Паспортта салық құпиясына жатпайтын деректер болады, атап айтқанда:
ЖСН/БСН;
жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;
жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
салық төлеушінің мәртебесі;
тiркеу есебiне қойылған күн;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
Салық төлеушінің паспорты айына бір рет жаңарып тұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через