Қазақстанда 1 384 елді мекенде мектеп жоқ

Қазақстанда 1 384 елді мекенде мектеп жоқ

       Ел аумағындағы 1 384 елді мекенде әлі күнге мектеп жоқ. Аталмыш ауылдарда 34 644 оқушы бар деп хабарлайды. 

       Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті жауабында айтылады. ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша оқушылар көрші ауылдардағы мектепке қатынап оқуға мәжбүр. 

       “Тәулігіне 31 741 оқушыны тасымалдау үшін арнайы кесте бекітілген. Ал апта сайын 2903 бала мектепке тасиды. Ол үшін 1013 автобус жұмыс істейді”, - делінген комитет ақпарында. 

       Сонымен қатар комитет дерегіне сүйенсек, 2022 жылдан бастап министрлік тарапынан автобус паркін жаңарту жұмыстары қолға алынған. Осылайша ауыл мектептеріне қарасты 515 автобусты жаңаламақ.

       Stan.kz