Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл.

Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл.

Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты рәсім кезінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды. Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан, мұндай маңызды мәселеден саяси құрал жасауға болмайды. Бұл – біздің жол емес», - деді Президент.

Фото: node2.akorda.kz