Қазақстан былтыр уран саудасынан қанша табыс тапты

Қазақстан былтыр уран саудасынан қанша табыс тапты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов былтыр компания уран саудасынан қанша табыс тапқанын айтты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған кірісі алғаш рет 1 трлн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 45% өсті. Операциялық пайда 456 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 91% ұлғайды. Бұл өнім сатудың орташа бағасының өсуімен байланысты болды. Ал компанияның таза пайдасы – 473 млрд теңге. Бұл алдынғы жылдағы көрсеткіштен 115% көп», - деп компанияның есебін жариялады Ержан Мұқанов.

Айта кетсек, келер жылдың ортасында Түркістан облысында күкірт қышқылы зауытының құрылысы басталады. 

Өткен жылы елімізде уран өндірісі 3% төмендеген, Былтыр Қазақстан Қытайға 30 тоннадан астам төмен байытылған уран экспорттады. 

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото Vlast.kz.