Қазақстан әскері қай елдердің қару-жарағын қолданады?

Қазақстан әскері қай елдердің қару-жарағын қолданады?

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов журналистерге Қазақстан Қарулы Күштері қаруды қай елдерден сатып алатынын және армияға кадрларды қайдан дайындайтынын айтты.

Қазақ әскері Ресей, Түркия, АҚШ, Қытай елдері шығарған қару-жарақты қолданады.

"Біздің армияда әртүрлі елдердің қару-жарақтары бар. Біз Ресейден ғана емес, Түркиядан, АҚШ-тан, Қытайдан және басқа да мемлекеттерден аламыз". Сұлтан Қамалетдинов

Кадрларды даярлау Қарулы Күштерде, әскерлер мен әскери құралымдарда жүзеге асырылады, біздің кадрларды даярлауға шарттар, келісімшарттар мен меморандумдар жасалды. Ол Ресейде, Беларусьте, Түркияда, Үндістанда, АҚШ-та, Қытайда, Пәкістанда және басқа елдерде өтеді.

"Осы жоғары оқу орындарында тікелей оқудан басқа, курстық дайындық және бөлімшелерді бірлесіп даярлау жүзеге асырылып жатыр", - деді Қамалетдинов Мемлекет басшысының басшылығымен өткен бүкіл армия жиналысы кулуарында.

Дереккөз tengrinews.kz. Фото gazeta.ru.