Жалпы, 1971 жылдан бері 31 611 терминге лингвистикалық сараптама жасалған.
Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған.
«Қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, 1971 жылдан бері 31 611 терминге лингвистикалық сараптама жасалған. Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасау жоспарлануда. Жаңа терминдерді біріздендіру мақсатында «Termincom.kz» қызмет етеді. Мақұлдауға ұсынылған салалық терминдерді тек комиссия мүшелері ғана емес, сала мамандары мен жалпы жұртшылық талқылайды»,- деп атап өтеді вице-премьер.
Ералы Тоғжанов қазақ тілін ұлтаралық қатынастар тіліне айналдыру мақсатында жыл сайын оқыту курстары мен түрлі байқаулар, ынталандыру іс-шаралары ұйымдастырылып келе жатқанын айтады.
«Сонымен қатар, қазақ тілі ұлттық корпусының мәтіндік базасын құру жұмысы қолға алынды. 2021 жылы публицистикалық мәтіндердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, qazcorpora.kz сайтына орналастырылды», - делінген Үкімет басшысы орынбасарының жауабында
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через