Қазақ балуаны рейтингтің көшін бастады

Қазақ балуаны рейтингтің көшін бастады
фото: Фото: @atamekenbusiness_sport

Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жариялады.

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Грузия және Әзербайжан балуандары үздік үштікті түйіндеді.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков (86 келі) екінші орынға жайғасты.

Азия чемпионы Болат Сақаев (79 келі) төртінші орынға тұрақтады.

ҚазАқпарат