Қазақстандықтар қаржы пирамидаларының арбауына неге түсіп қала береді? Сарапшы Дмитрий Казанцевтің пайымынша, бұған халықтың қаржылық сауатының төмен болуы себеп. Былтыр наурыз-сәуір айларында елде қаржы пирамидасын құрудың 287 дерегі тіркелген. Олардың кесірінен азаматтар 8,5 млрд теңгесінен айырылған. Қомақты сома. Десе де, мұның өзі көпшілікке сабақ болмай тұрған сыңайлы. Маманның сөзінше, салымшылардың 55%-і алданып қалғанын сезсе де, әп-сәтте ақша тапсам деген соқыр сенімнен арыла алмаған. Маман мұндай жайттарды болдырмас үшін Батыс елдерінің тәжірибесіне жүгіну керек деп есептейді. Яғни, ақша, депозит, инвестиция, құнды қағаздар нарығы жайында білім мектепте берілуі керек. Сондай-ақ алаяқтардан зардап шеккендерге тегін кеңес ұсынатын орталық құру да қоғамдағы көріністі жақсартуы тиіс. Ал сарапшылардың енді бірі «халықтың әлеуетінің төмендеуі де осыған әкеп соқты» дейді. Себебі табысынан айырылып, қиын жағдайда қалған адам ақша табудың кез келген амалын іздері анық.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через