Қандас мәртебесін беру тәртібі өзгереді. Енді өтінімдер Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа тетік бірқатар мемлекеттерде пилоттық режимде іске асырылып жатыр. Бұл елімізге келу, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта этникалық қазақтардан өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс визалық режим елдерінде (Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан) орналасқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінде пилоттық режимде жүргізіліп жатыр. Кейінірек елшіліктер арқылы өтінімдерді қабылдау визасыз режимі бар елдерде де жүргізіледі.
Бұдан басқа, Enbek.kz порталы арқылы осы пилоттық жобаны (қандас мәртебесін беру және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі қызметтер) іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі енгізілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелде тұратын этникалық қазақтардан 771 (237 отбасы) өтініш қабылданды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото turkystan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через