Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Елімізден 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады.
Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды.
Оқу-жаттығу арнайы операцияны ұйымдастыру және өткізу барысында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіруге, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының машығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасында аяқталады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через