ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы үшін мән беруі керек маңызды салаларды белгіледі.
Мемлекет басшысы Алматы облысында жұмыс сапарымен жүр. Ол аймақ жұртшылығымен кездесу өткізіп, бірқатар тапсырмалар берді. Ол, сондай-ақ, қаланы дамытудағы басты қадамдарды атады.
Бірінші – теңгерімді аумақтық даму;
Екінші – білім беру және медицина инфрақұрылымы;
Үшінші – өңдеу өнеркәсібі;
Төртінші – көлік жүйесі мен энергетика;
Бесінші – агроөнеркәсіптік кешен;
Алтыншы- туризм.
Президент Алматы облысы бүкіл Қазақстан үшін орасан зор туристік әлеуетті тиімді іске асырудың үлгісі бола алатынын айтты.
"Бұл – өңірді орта мерзімді перспективада дамытудың негізгі басымдықтары туралы көзқарасым. Біз бірге облысты одан да күшті әрі өркендететінімізге сенімдімін", – деді мемлекет басшысы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через