фото: Фото: pexels.com
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 6 жасар Зара мен 9 жастағы Тагир Котеневтер Мәскеудегі «Лучше всех» балалар телешоуына қатысты. Тагир Котенев Павлодар қаласының № 5 мектебінің 4 – сыныбында оқиды. Кішкентай цирк әртістері алты метр биіктікте фантастикалық трюктерді орындайды. Кейбір элементтерді ересектердің өздері де жасай алмайды.
Павлодарлықтарды жоба үйлестірушілері өздері шақырған. Балалар эфирде өз өнерлерін ортаға салды. Жұртшылық жас дарындылардың өнерлерін ғаламтор желісінен де тамашалай алды.
Бірінші телеарнада балалар биіктіктен мүлдем қорықпайтынын айтып, циркте тапқан қаражаттарын жинап жатқанын айтты.
– Мен компьютерге ақша жинап жатырмын, – деп бөлісті Тагир. – Ал мен әкем мен анама үй сатып алғым келеді, – дейді Зара.
Зара кішкентай жасына қарамастан екі толық келісімшартпен жұмыс жасап жатыр. Циркте ол әкесі мен анасымен төрт жастан бастап өнер көрсетеді. Кейіннен Тагир сіңлісіне қарап, шығармашылық жолға қосылуға шешім қабылдады.
– Біз екі баламызды сахнаға шығарамыз деп ұйғардық. Тагир тек акробатикамен айналысады, бұл – оның негізгі жұмысы. Ол демалыста болған кезде бізбен бірге циркте жұмыс істейді. Біз Зараны әлі спортқа бермейміз. Цирктегі қимылдарға өзіміз үйретіп жүрміз, – дейді балалардың анасы Регина Котенева.
Бүгінде Котенев цирк әулеті өздеріне демалыс алды. Зара 1-сыныпқа бару үшін дайындалып жүр.
Балаларға шоудағы көрсеткен өнерлері үшін тәттілер мен «Лучше всех» медалі табысталды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через